Шри-Ланканың экс-президенті қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM — Шри-Ланканың экс-президенті Ранил Викремесингхе 22 тамызда мемлекет қаражатын жеке пайдасына пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Al Arabiya.
Полицияның мәліметінше, Викрмесингхе 2023 жылдың қыркүйегінде әйелімен Лондонға барғанына байланысты жауапқа тартылып, содан кейін қамауға алынды.
— Ол Коломбо Форт сотына жеткізіледі. Оған мемлекет қаржысын заңсыз пайдаланды деген айып тағылып отыр, — деді тергеушілердің бірі.
Экс-президент пен оның жұбайы Майтри Ұлыбританиядағы Вулверхэмптон университеті ұйымдастырған шараға қатысқаны белгілі болды. Викрамасингхенің Гаванадағы G77 саммитінен оралуы дауға ұласты. Ол жол шығынын әйелі төлегенін, мемлекет қаражаты игерілмегенін айтты. Алайда полицияның қылмыспен күрес бөлімі оның жеке сапарды мемлекет есебінен жасағанын, оққағарларының жалақысы да бюджет есебінен төленгенін айтты.
Ранил Викрамасингхе 2022 жылдың шілдесінде халық наразылығынан кейін отставкаға кеткен Готабая Раджапаксаның орнына келді. Ол сол кездегі ел тарихындағы ең ауыр қаржылық дағдарысты тоқтатуда шешуші рөл атқарды. Осыдан кейін Викрмесингхе 2024 жылдың қыркүйегінде өткен президенттік сайлауда қайта сайлана алмады.
Еске сала кетейік, Шри-Ланкадағы президент сайлауында Анур Кумар Диссанаяке жеңіске жеткен еді.