Оны қаржы институтының Басқарушы директоры және Бас директоры Файзал Салие бүгін Алматыда өтіп жатқан «Исламдық қаржы бойынша халықаралық отырыс: оңтайлы жағдайлар жасау» деп аталатын алқалы жиында айтты.
«20 миллионы халқы бар Шри-Ланка тұрғындарының 69 пайызы будда дініндегілер,ал 8 пайызы - мұсылмандар. Жалпы ішкі өнімі 49 млрд. долларды құрайды. Ол жан басына шаққанда 2375 доллардан келеді. 2016 жылы оны 4 мың долларға жеткізу жоспарлануда. Банк секторындағы 25 банктің 12-сі - шетелдік, екеуі - мемлекеттік, біреуі исламдық қаржы институты», - дейді Ф.Салие. Оның айтуынша, исламдық қаржыландыруды дамытуға қолайлы жағдай жасалған бұл елдің тәжірибесі өзге елдергі үлгі-өнеге бола алады. Халықтың исламдық қаржыландыру бойынша сауатын ашып, белсенділігін ояту мақсатында онда имамдар жұма намазынан кейін жиналған жамағатқа үгіт-насихат жүргізген. Ал тұңғыш ислам банкінің негізін қалаған исламдық компаниялар болды. Олар бірнеше жыл бойы тынымсыз жұмыс жасаған соң ғана алға қойған мақсаттарына қол жеткізді.