ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-інші ракеткасы Зарина Дияс Штутгарт турнирінде іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іріктеу жарысында 2-інші ракетка болып тіркелген Зарина алдымен дүниежүзілік рейтингте 167-інші сатыда тұрған чехиялық Мария Боузкованы 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Бүгін З.Дияс кортқа әлемнің 662-інші ракеткасы, германиялық Анна Габрикпен шығып, 1 сағат 2 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен ұтты.
Қазақстандық теннисші енді іріктеу сайысының финалында украиналық жас спортшы Даяна Ястремская немесе эстониялық тәжірибелі теннисші, іріктеу сайысында 5-інші болып тіркелген Кайя Канепидің қай жеңгенімен кездеседі. Онда жолы болса, негізгі турнирге жолдама алады.
Айта кетейік, жүлде қоры 816 мың АҚШ долларына бағаланған Штутгарт турнирі 29 сәуірде мәреге жетеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).