деп хабарлады бүгін Көліктегі ІІДнің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Нариман Абылқасенов.
Оның сөзінше, ең ірі партия 22 шілде күні алынды. Дәл осы күні аса ірі көлемдегі жабайы кендірмен есірткі жасаушыны ұстау мүмкін болды. 38 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны 920 келіден астам марихуана дайындамақ болған.
«Күдікті Жамбыл облысы Шу ауданының Шу-Құмөзек стансалары аралығының 3283 шақырымында ұсталды. Ер адам еш жерде жұмыс істемейді, осы облыста тұрады», - деді Н. Абылқасенов Астанада өткен брифингте.
«Кендір-2012» шарасы Шу алқабында жабайы кендірді өндіруші және тасымалдаушы тұлғаларды анықтау мақсатында жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Көліктегі Ішкі істер департаментімен есірткі бизнесіне қатысты 220 қылмыс анықталды. Оның 110 - есірткі сату қылмыстары. Жыл басынан бері тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 тонна 314 келіні құрады.