«Шу - Алматы» темір жол учаскесінде екінші жолдың құрылысын жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. Біздің жоспар бойынша, инфрақұрылымдық жобалар біздің ел арқылы өтетін жүктердің көлемін арттыруға, мемлекеттің экспорттық және импорттық әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек», - деді Д.Потлов.
Оның сөзі бойынша, биыл «Боржақты - Ерсай» теміржолының құрылысы аяқталған. Ал былтыр «Жезқазған - Бейнеу» теміржолы пайдалануға берілді. Ол елдің батыс және шығыс өңірлері арасындағы теміржолды 1 мың шақырымға қысқартты.