15 қарашада 49 жастағы тұрғын полицияға атыс жарақатымен жүгініп, түнде медициналық бетперде киген белгісіз екі адамның үйдің ауласына кіріп, қару кезеніп, ақша талап еткенін хабарлаған.
«Үй иесінің үнсіздігі, сондай-ақ кенеттен отбасы мүшелерінің үйге оралуынан есі шыққан қарақшылар оқиға орнынан қашып кетпек болған. Қудалаудан қорыққан олардың біреуінің атқан оғы үй иесіне тиген. Күдікті ретінде облыстың 29 және 34 жастағы 2 тұрғыны ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген облыстық ПД баспасөзь қызметінің мәлімдемесінде.
Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қамаққа алынды. Қару тәркіленіп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.