Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істейтін 27 жастағы жергілікті тұрғыннан жалпы салмағы 12 килограмнан астам «кептірілген марихуана» есірткі затын тауып, тәркіледі.
Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша изоляторына қамалды» делінген ведомство хабарламасында.