«7 мамырға қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз адамдар тобының тәртіп сақшыларына күш көрсетіп жатқаны туралы хабарлама түседі. Полиция қызметкері оларды тыныштандыру үшін ескерту оғын атуға мәжбүр болған»
, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Шу қаласындағы вокзал алаңында патрульдік полиция қызметкерлері алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінсіз жүрген «ВАЗ-21014» автокөлігін тоқтатады.
«Мән-жайды анықтау барысында көліктің жүргізушісі мен жолаушылары полицияның заңды талаптарына бағынбайды. Мұнан соң өзге де таныстарымен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен»
, - деп түсіндіреді ведомство.
Аталған факті бойынша Шу аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 380-бабы 1-тармағы «Билік өкіліне қарсы күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Заңбұзушылық әрекет жасағандардың барлығы анықталды. Оларға қатысты тергеу-оперативтік шаралары жүргізіліп жатыр. Билік өкілдеріне қарсы күш қолданған белсенділер ҚР ҚПК 128-131 баптары бойынша ұсталды. Қалған мәліметтер ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды»
, - деп нақтылады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында қызметтік ит адам өлтірген күдіктіні ұстап берді.