Шу облысында бір күнде екі үшем дүниеге келді

Фото: None
БІШКЕК. Кабар - ҚазАқпарат – Шу облысында бір күнде бірден екі үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Кабар Шу облысындағы үкіметтінің өкілетті өкілінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 шілде күні Шу облысында қос ана екі бірдей үшемдідүниеге әкелді. Осылайша екі отбасында алты перзент туды.

«26 жастағы Ырыс Шаршеева 2019 жылғы 29 шілдеде босанды.Ана мен үш баланың жағдайы жақсы. Бүгін олар перзентханадан шықты. Дәл осы күні40 жастағы Олеся Томилова да дүниеге үш перезентін әкелді. Ана мен сәбилердің жағдайы жақсы депбағалануда. Қос отбасыға Шу облысының губернаторы Алтынбек Намазалиевтің атынанматериалдық көмек көрсетілді», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Облыстық әкімшіліктің басшысы Томиловтар отбасынакелешекте де қажетті қолдау көрсетуге уәде берді, себебі бұл отбасы көмеккемұқтаж. Құттықтаулар мен ақшалай сыйлықты жаңа босанған аналарға губернатордыңорынбасары Светлана Волкова табыстады. Әкімшілік басшысының және өз атынан сәбилерге денсаулық, бақытжәне амандық, ал ата-аналарына күш пен қуат тіледі.


Соңғы жаңалықтар