Сонымен, 2015 жылғы 28 қазанда МЕБҚ қызметкерлері Алматинская-Объездная көшелерінің қиылысында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Алмаундун ауданы Ленинское ауылындағы «777» дәмхана маңынан есірткі затын заңсыз тасымалдады деген күдікпен «ВАЗ-2111» маркалы автомашинаны тоқтатады.
Көлікті тексеру барысында жүк салғыштан ақ түсті синтетикалық қап табылып, тәркіленді. Оның ішінде Қырғызстан Республикасының 1985 жылы туылған азаматы - осы көліктің жүргізушісіне тиесілі кендірдің иісі бар қошқыл-жасыл түсті ұнтақ табылды.
МЕБҚ сараптау-криминалдық бөлімінің мамандары жүргізген сараптама нәтижесінде тәркіленген зат салмағы 3 келі 590 грамм кептірілген «марихуана» екендігі анықталды.