Шу тұрғынынан 4 килограмға жуық есірткі табылды
13:24, 30 Қараша 2011
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Шу қаласының тұрғынынан 4 килограмға жуық есірткі табылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.
Сейсенбі, 29 қараша күні Шайтөбе стансасының қасында «Мигрант» жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында есірткімен күрес және криминалдық полиция бөлімдерінің қызметкерлері 3 кг. 800 гр. кептірілген марихуана мен 1,395 гр. гашиш табылған Шу қаласының тұрғыны, бұрын сотталған 45 жастағы ер адамды ұстады.
Ұсталған ер адам Шу стансасындағы желілік ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.
Өткен тәулікте көліктегі ІІД бойынша 15 қылмыс, соның ішінде қылмыстық полиция бойынша - 14 іс тіркелген, олардың барлығы да ашылды.