ШҰАӨ Қазақстан арасындағы инвестициялық серіктестікке жоғары баға берді
«Саяси және экономикалық салалардағы Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде. Екі ел арасындағы өзара әрекеттестік Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арқылы жүзеге асуда. Себебі ШҰАӨ мен Қазақстанның шекарасы 1740 шақырымды құрайды. Ортақ аумақта 7 бақылау-өткізу бекеті жұмыс жасауда. «Қорғас» халықаралық орталығын құрдық. Қазақстан Шыңжаңның ірі сауда әріптесі болып табылады. Екіжақты инвестиция көлемі артып келеді», - деді ол Бейжіңде өткен Жалпықытай халықтық өкілдері жиналысының сессиясы аясында ҚазАқпарат тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып.
Исамидин ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылдың қыркүйек айында «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бірлескен қалыптастыру бастамасын Астанада жариялағанын еске салды. Екі мемлекет басшысы таяу жылдары сауда айналымын 40 млрд. долларға жеткізуді көздеген.
«Орталық Азия елдерімен шекараласатын Шыңжаң үшін «Жібек жолы экономикалық белдеуі» үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Біз өңірдегі басты көлік торабы бола аламыз», - деп атап өтті қытайлық шенеунік.