Су асты операциясын жүзеге асырған Арнайы жұмыстар қызметі бас директорының атап өтуінше, табылған метеорит сынықтары ғалымдарға табыс етілген. Ал мамандар аталған сынықтардың меторитке қатысы бар-жоқ екендігіне нақты қорытынды шығаратын болады.
Еске салайық, 15 ақпан күні таңертең, жергілікті уақыт бойынша сағат 09.23-те Челябі облысының тұрғындары сирек астрономиялық құбылыстың куәсі болды. Өңір аумағына метеорит құлады, соққы толқыны тұрғын үйлердің, өнеркәсіптік ғимараттардың 100 мың шаршы метрден астам шыныларын сындырды. Оқиға салдарынан 1 мыңнан астам адам зардап шекті.
Дабыл бойынша 20 мыңнан астам жеке құрам аяқтарына тік тұрғызылды, аспан денесінің қалдықтарын іздестіруге бірнеше тікұшақ жұмылдырылды. Көп ұзамай метеориттің бөлшектері табылды.