Щучьедегі жарылыста қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

Фото: Ақмола облысы ТЖД

АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов Щучьедегі қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге төленетін төлемдер туралы айтты.

Жағдай дереу бақылауға алынды, жедел штабтың құрылды.

— 28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты, олардың ішінде бір кәмелетке толмаған бар. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі, — деді Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов.

Әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды.

Қаралы іс-шараларға қатысу үшін келетін туыстарды орналастыру және алып жүру бойынша көмек көрсетіліп жатыр. 

 Айта кетейік, бұған дейін Щучинскідегі кафеде газ қоспасы жарылғаны жөнінде жазғанбыз.

Сонымен қатар, жарылыстан зардап шеккен 5 адам Көкшетау ауруханасына ауыстырылғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды