Жаңа үш өрт депосының құрылысы Президент жарлығымен бекітілген Щучинск-Бурабай курорттық аймағының мемлекеттік даму бағдарламасы аясында салынады деп жоспарланған. Солардың бірі - Щучинск қаласы Заречный шағын ауданында мамандандырылған 24-ші өрт сөндіру бөлімі, оның ашылуы Астана қаласы күніне арналып отыр.
Өрт депосы 6 өрт сөндіру техникасымен жабдықталған, деп атап өтті баспасөз орталығы.