ШҰҒЫЛ: 14 шекарашы мен 1 қорықшының өліміне күдікті В. Челах Алматыда сот-психиатриялық сараптамадан өтуде
Алматы облысы Алакөл ауданының АІІБ-де хабарланғандай, ол үш күн бұрын жеткізілген болатын. Дерек көздерінің хабарлауынша, жедел қызметтегі сарбаз сот-психиатриялық сараптамадан өтетін болады.
Талдықорған әскери гарнизонының прокуратурасында хабарланғандай, 30 мамырда «Шығыс» өңірлік басқармасы Үшарал шекара жасағы «Сары бөктер» заставасының наряды тауда жазғы уақытта 15 шекарашы қызмет атқаратын «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимаратын көрген. Тексеру барысында жанып кеткен 14 адамның, оның ішінде бекет жанында орналасқан аңшылық шаруашылығы қорықшысының мәйіті табылды.
Аталмыш қосында қызметте болған тірі қалған шекарашы В. Челах табылды. ҚР Бас әскери прокуратура атап өткендей, тексеру барысында В. Челах өзінің қызметтестерін және қорықшыны өлтіргендігін мойындады.