ШҰҒЫЛ: 26 қазанда Құрбан айт мерекесі басталады

None
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Алдымызда келе жатқан күллі мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі - Құрбан айт 26 қазан күні басталады.

 Бүкіләлемдік айды бақылау комитеті осылай деп мәлімдеді. Мұны Сауд Арабиясының ресми билігі де растап отыр. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да Құрбан айттың алғашқы күнін қазанның 26-сы деп белгіледі,-деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми веб-сайты muslim.kz.