«Мәселен, Семей, Өскемен және Орал қалаларындағы түзеу мекемелері 18-19 ғасырларда салынған. 29 мекемеде күзет, инженерлік-техникалық құрал-жабдықтары толықтай немесе жартылай ауыстыруды қажет етеді»,-деді ол.
Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта сотталғандардың әрбір бесіншісі диспансерлік есепте тұр. Мекемелердің медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы төменгі нормативтердің 20-60 пайызынан аспайды.
«Мекемелердің басым бөлігі тіпті қарапайым диагностикалық аппаратуралармен де қамтамасыз етілмеген. Бүгінде колонияларда шамамен 2000-ға жуық туберкулезге шалдыққандар және 1,6 мыңнан астам вич инфекциясын жұқтырғандар ұсталуда. Тек өткен жылдың өзінде ғана 730-дан астам сотталушы туберкулезге шалдықты», -деді Қ. Қасымов.