Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ БТА Банкінің ақшалай қаражатын ұрлау және заңсыз пайдалану айыптарымен халықаралық іздеуге жарияланған БТА Банк корпоративтік бизнесі №6 басқармасының бұрынғы бастығы Ефимова Верониканың Қазақстанға экстрадициялануы күтілуде.
Қылмыстық іс материалдары бойынша В.Ефимова М.Әбіләзов басқарған қылмыстық топтың басты ұйымдастырушыларының бірі болған.
Ол 2005-2009 жылдары Әбіләзовтің ұйымдасқан қылмыстық тобының бақылауындағы компанияларға несиелерді рәсімдеу арқылы Банкінің ақшалай қаражатын ұрлау үшін айрықша уәкілеттіктерге ие болған БТА Банкінің корпоративтік бизнестің №6 басқармасының бастығы болған.
2009 жылғы 11 наурызда Ефимованы қамауға алу сырттай санкцияланды, ал 17 наурызда ол халықаралық іздеуге жарияланды.
2009 жылғы 3 шілдеде Ефимова Мәскеу қаласында ұсталды.
2010 жылғы 21 сәуірде Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Ефимованы қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.
Ефимова бұл шешімге бірнеше рет шағым түсірді. Алайда әр түрлі деңгейдегі соттармен, оның ішінде Ресей Федерациясының Жоғарғы Сотының Сот алқасымен бұл шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдер шығарылды.
Осыдан кейін Ефимова Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына жүгінді. Бұл сот та Ефимованы Қазақстан Республикасына экстрадициялаған жағдайда оның құқықтары бұзылмайтындығы туралы шешім шығарды.
Жақын уақытта Ефимова Қазақстанға экстрадицияланатын болады.
Оған қоса, Қаржы полициясы агенттігі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы БТА Банкінің корпоративтік бизнестің №6 басқарма бастығының орынбасары болған Жүнісова (Ақпенбетова) Зәуреге қатысты экстрадициялық материалдарды Венгрияға жолдады.
Ол 2009 жылғы сәуірде БТА Банкінің ақшалай қаражатын ұрлады және заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражат пен өзге де мүлікті заңдастырды деген айыппен халықаралық іздеуге жарияланған болатын.
Тергеудің пайымдауынша ол, 2005-2009 жылдары БТА Банкінің корпоративтік бизнестің №6 басқарма бастығының орынбасары бола тұра, Әбіләзовтің ұйымдасқан қылмыстық тобына тәуелді Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларды және оффшорлық компанияларды құрумен, оларға басшы, құрылтайшы болатын адамдарды іздеумен айналысқан.
2013 жылғы 23 шілдеде Жүнісова (Ақпенбетова) Венгрияда ұсталды.
Жақын уақытта Венгрияның уәкілетті органдарымен Жүнісованы Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы мәселенің қаралуы күтілуде.