ШҰҒЫЛ: Ақмола облысының тас жолында екі шетелдік көліктің соқтығысуынан 5 адам қаза тапты - ҚР ТЖМ
09:29, 11 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Алматы-Екатеринбор» тас жолында екі көлік соқтығысып, 5 адам жантәсілім етті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Ақмола облысының Астрахань ауданында «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1081 шақырымында кеше сағат 12.36-да «Мерседес» пен «Ниссан» көліктері соқтығысты. Оның соңы өртке ұласты.
Орын алған жол-көлік апатының салдарынан «Мерседес» көлігінің жүргізушісі және 4 жолаушысы (жеке тұлғалары анықталмаған) оқиға орнында көз жұмды. «Ниссан» көлігінің жүргізушісі түрді жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.