ШҰҒЫЛ: АҚШ әншіcі Уитни Хьюстон қайтыс болды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ-та танымал әнші Уитни Хьюстон қайтыс болды.

Бұл туралы оның өкілі Кристен Фостер мәлімдеді, деп хабарлады Би-Би-Си. Әнші 48 жаста болатын.

Алдын ала ақпарат бойынша, әншінің денесінЛос-Анджелестегі Beverly Hilton қонақ үйінен оның қорғаушысы тауып алған. Әншінің өлімінің себебі әзірге айтылмай отыр, деп хабарлады РБК.

У. Хьюстон 1963 жылы 9 тамызда Нью-Джерси штатының Ньюарка қаласында дүниеге келген. Ол бала кезінен шіркеудің хорына қатысқан.

Өткен ғасырдың 80-90 жылдар аралығында У. Хьюстон өте танымал болған, оның музыкалық альбомдары үлкен сұранысқа ие болды.

Хьюстон ең көп сыйлық иеленген әртіс ретінде Гиннес рекордттар кітабына енген.

Дегенмен, соңғы жылдар аралығында У. Хьюстонның денсаулығына байланысты біраз қиындықтар туындаған. 2010 жылдың мамыр айында әнші ішімдік және есірткі тәуелдігіне байланысты амбулаториялық ем қабалдап жүрген еді.