ШҰҒЫЛ: АҚШ Әскери-Әуе күштерінің ұшағы Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасында апатқа ұшырады
16:18, 03 Мамыр 2013
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ Әскери-Әуе күштерінің ұшағы Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасында апатқа ұшырады, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Бұдан бұрын белгілі болғандай, Қырғызстан ТЖМ Манас авиабазасынан ұшып шыққан АҚШ Әскери-Әуе Күштерінің отын құятын-ұшағының радардан көрінбей кеткені туралы ақпаратты тексеруде.