ШҰҒЫЛ: Ақтауда жүргізуші 16 жастағы бойжеткенді қағып кетті
18:06, 19 Наурыз 2013
АҚТАУ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 17 наурыз сағат 03.53-те Ақтауда, «Шығыс» шағынауданына бет алған Мицубиси Галант көлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерде жолдан өтіп бара жатқан 16 жастағы бойжеткенді қағып кетті.
«1996 жылғы Арайлым Өтегенова есін жимастан оқиға орнында жан тапсырды. Бойжеткен 20 сәуірде 17 жасқа толар еді. Материал Маңғыстау облысы ІІД қосымша тергеу басқармасының өндірісіне жіберілді», - деді жол полиция басқармасының қызметкері Бауыржан Жолдиев.