«Жалпы ішкі өнімнің өсімі 2013 жылы 6, 2014 жылы 6,1, 2015 жылы 7,6, 2016 жылы 6,6, 2017 жылы 6,9 пайызды құрайды»,-деді ол.
Министрдің атап өтуінше, бұл параметрлер қысқа мерзімге арналған экономика өсімін орташа есеппен 7 пайызға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы ішкі өнім өсімінің негізгі көздері орташа алғанда жылына 6,5, 6,8 пайыздық қарқынмен өсетін ішкі сұраныс болмақ. Сондай-ақ қазақстандық өнімге сыртқы нарық сұранысы да сақталады.
«Номиналды жалпы ішкі өнім 2013 жылы 36 трлн. теңгеден 2017 жылы 65 трлн. теңгеге дейін өсуі болжануда. Өнеркәсіптің орташа жылдық өсімі 5,5 пайызды құрайды. Қызмет саласы тұрақты дамитын болады»,-деді Б. Жәмішев.