ШҰҒЫЛ: Әлихан Бәйменов ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Әлихан Бәйменов ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды.

ҚазАқпарат анықтамасы.

Бәйменов Әлихан Мұхамедұлы 1959 жылы 25 наурызда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінде дүниеге келген.

1976 жылы Жезқазған қаласындағы №8 орта мектепті бітірді, ал 1981 жылы Қарағанды политехникалық институтын автокөлік құралдарының инженер-механигі мамандығы бойынша тәмамдаған. 1985 жылы Мәскеу автокөлік-жол институтының аспирантурасына оқуға түсіп, 1988 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

1997-1998 жылдары Премьер-Министр Кеңесесін басқарды.

1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басқарды.

2005 жылдың наурызында «Ақ жол» демократиялық партиясының V съездінде Әлихан Бәменов партияның төрағасы болып сайланған.