«Әуежайдан жарылғыш зат табылмады. Бұл туралы бүгін сағат 12.00-де көліктегі ІІД мәлім етті. Жарылғыш зат туралы хабарлама кезекші пультына таңғы сағат 10:53-те түскен.
Оқиға орнына құтқару бригадасы жіберіліп, 1500 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта әуежайдағы ұшу рейстері қайта қалпына келтірілді.