Кеше 20 сағат 00 минутте «Фольксваген» және «Мицубиси» автомобильдері соқтығысты. Жол-көлік апатының салдарынан 27 жастағы жүргізуші және оның жолаушылары: 42 жастағы ер адам, 9 және 5 жасар бала оқиға орнында көз жұмды, тағы 41 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды. «Мицубиси» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға болған жерге ҚР ТЖМ «Медициналық апаттар орталығы» мемлекеттік мекемесінің 8 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.