«Алматы қаласының қозғалмайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры С. Оразақыновты ұстады. Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мөлшері 80 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін жетіп отырған пара Алматы қаласындағы қозғалмайтын мүліктің техникалық паспорттарын тез және кедергісіз рәсімдеу үшін, сондай-ақ тұрғын үйлерді қайта құруды заңдастыру үшін беріліп отырған.
Оразақыновқа қатысты бірнеше рет пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.