Бұл туралы бүгін елордада ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Агенттік Алматы қаласының және Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, экс-министр В. Храпуновқа қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстарды жасау фактілері бойынша 20 қылмыстық істі тергеуде. В. Храпуновқа сырттай айып тағылып, сотпен оны қамауға алу санкцияланды. Ағымдағы жылдың 8 ақпанында В. Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деді ол.