ШҰҒЫЛ: Алматы облысында оқу-жаттығу барысында қатардағы сарбаз қызметтесін өлімші етіп жаралады

None
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыздың 12-нен 13-не қараған түні оқу тапсырмасын орындау барысында қаруды қолдану ережелерін бұзу салдарынан Алматы облысы Көктал оқу полигонында қатардағы сарбаз Айдос Таженов қайтыс болды.

1992 жылы туылған, 2012 жылы мамыр айында мерзімдік қызметке Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының қорғаныс істері бөлімімен шақырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сол күн қарсаңында 18404 әскери бөлімінің десанттық-шабуыл ротасы әскери дайындық жоспарына сәйкес оқу тапсырмаларын өтеу үшін Жаркент маңында орналасқан Көктал оқу орталығына келді.

Түнгі 3.45-те диверсиялық топқа шабуыл бойынша шартты таныстырылу берілді. Қатардағы сарбаздар Айдос Таженов және Кенжетай Байкенже «диверсиялық топ» рөлін атқарып, АК-74 автоматынан бос патрондармен атты. Тапсырманы орындау кезінде мерзімдік қызметтегі жауынгер Кенжетай Байкенже абайсызда қысқа қашықтықтан бос патрондармен оқ атып, Айдос Таженовті сол жағынан кеуде тұсына жаралады.

Роталық-тактикалық оқуға қатысқан әскери дәрігерлер бригадасы зардап шеккен сарбазға шұғыл медициналық көмек көрсетуге кірісті. Жараланушыны санитарлық машинамен Жаркентке тасымалдады, бірақ жол бойында есін жимай қатардағы сарбаз Айдос Таженов қайтыс болды.

Қазіргі уақытта оқиға жағдайларын тергеумен құқық қорғау органдары айналысуда. Болған оқиғаның негізгі нұсқасы қаруды қолдану ережелерін бұзу болып есептеледі.

ҚР Қарулы күштерінің Аэромобильді әскер командованиесі Айдос Таженовтің туған-туыс, жақындарына көңіл айтады.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған әскери қызметші отбасына тиісті материалдық көмек көрсетілетін болады.