ШҰҒЫЛ: Алматы облысындағы жантүршігерлік оқиға - анасы 5 және 12 жасар балаларын пышақтады
09:00, 26 Мамыр 2013
ТАЛДЫҚОРҒАН. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласында жантүргшігерлік оқиға болды: 30 жастағы әйел 2001 және 2008 жылдары туған екі ұлын пышақтады.
Облыс прокуратурасынан хабарлағандай, 5 жасар бала кеудесінен пышақ жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал 12 жасар бала аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Әйел ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.