ШҰҒЫЛ: Алматы облысының тәртіп сақшылары екі педофилді қолға түсірді
08:57, 05 Шілде 2013
ТАЛДЫҚОРҒАН. 5 шілде. ҚазАқпарат - Жамбыл ауданы Қасымбек ауылының әйел тұрғыны өзімен бірге тұратын 50 жастағы ер азамат наурыздан шілде айына дейін кәмелетке толмаған қызын зорлап келгендігі туралы айтып, арызданды.
Қазір күдіктіден АІІБ-де жауап алынуда.
Сондай-ақ Іле ауданында Ащыбұлақ ауылының шетінде 4-сынып оқушысын зорлауға әрекеттенген 29 жастағы ер адам қолға түсті. Күдікті жергілікті АІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына тоғытылды.
Екі оқиға бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жұмыстары қолға алынды.