2012 жылдың 16-18 наурыз аралығында күннің жылынуы мен Алматы облысының таулы аймағында қар жамылғысының қалыңдығына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін. Соған орай қала тұрғындары мен туристерді таулы аймаққа серуендеу мен саяхат жасаудан бас тартқандары жөн.
Департаменттегілер төтенше жағдай туындаған жағдайда төмендегі көрсетілген телефонмен байланысуға болатындығын ескертеді: 274 22 19, 101, 112, 109 - қаладағы ТЖД біртұтас диспетчерлік-кезекшілік қызметтің телефоны.