ШҰҒЫЛ: Алматыда «Бастау» бильярд және боулинг клубындағы өрт әлі сөнген жоқ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Шагабудтинов көшесі бойында (Бөгенбай батыр мен Қарасай батыр көшелерінің аралығы) орналасқан «Бастау» бильярд және боулинг клубындағы өрт әлі ауыздықталған жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға бірнеше өрт сөндіруші мен алты өрт сөндіруші машина жұмылдырыған. Олар мен қалалық төтеше жағдалар департаменті әзірге түсініктеме берген жоқ.

Дегенмен, куәгерлердің айтуынша, өрт таңертең шамамен 09:20-да басталған. Сонымен қатар, бұл ғимаратта «Кабута» жапон мейрамханасы орналасқан. Үш қабатты ғимарат Алматы қалалық зағип жандар қоғамына тиесілі көрінеді. Дәл қазір осы ғимараттың екінші және үшінші қабаттары өртенуде. Алдын ала деректер бойынша бильярд және боулинг осы қабаттарда орналасқан, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.