Оқиға орнына полиция жасағы мен жедел жәрдем жөнелтілді, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Б.Момышұлы мен Саин көшелерінің арасында Райымбек даңғылы бойында үлгісі анықталмаған қарудан жарақат алып, қансырап жатқан екі полиция қызметкері табылады. Олардың біреуі - полиция старшинасы Мақсат Дабылов алған жарақатынан сол жеде қаза тапса, оның әріптесі - полиция старшинасы Ғалымжан Әбдіров жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Аса ауыр қылмыстың басқа да жағдайы анықталуда.