ШҰҒЫЛ: Алматыда «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы апаттық жағдайда қонуға мәжбүр болды
09:31, 10 Қараша 2013
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Алматы-Әбу-Даби» бағытымен ұшып келе жатқан «Эйр Астана» әуе компаниясының Аэробус-321 ұшағы сол жақ қозғалтқышындағы техникалық ақауларға байланысты апаттық жағдайда қонуға мәжбүр болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Ұшақта 135 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Зардап шеккендер жоқ.