Жалынды ауыздықтауға 41 бірлік өрт сөндіру техникасы және 245 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ өртті сөндіруге ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның КА-32 тікұшағы қатыстырылып, әуеден өрт ошағына 33 тоннадан астам су шашылды.
«103» қызметі мен ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» зардап шеккендерді қабылдайтын медициналық пункт ұйымдастырды. Алматы қаласының ішкі істер департаменті №5571 әскери бөлімнің ішкі әскерлер сарбаздарымен бірлесіп базар аумағын қоршап алды. «Тазалық» АҚ су шашатын машиналарымен (16 машина) су тасу ұйымдастырылды.
Жалын аумағы 3 мың шаршы метрге жуық алаңды шарпыды.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов өрт болған жерді тікұшақпен байқап көріп шықты. Қала басшысы бейіндік басқармалар мен аудан әкімдіктеріне жұмыссыз қалған кәсіпкерлердің нақты санын анықтауға, ТЖД қызметіне өрттің себебін барынша тезірек анықтауға және оның салдарын жоюға тапсырма берді. Сонымен бірге, Ахметжан Есімов әмбебап полицияға оқиға орнында қоғамдық тәртіпті сақтауды және тонаушылыққа жол бермеуді тапсырды.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тексеру жүргізу үшін тергеу тобын құрды. Өрттің шығу себептері анықталуда.