«11.00-де Алатау ауданының учаскелік испекторы, 31 жастағы полиция лейтенанты Ерлан Бопырбаев өзінің учаскесін тексерген. Сол кезде оған қарындасы хабарласып, оны Нұрсұлтан есімді ер адам өзінің пәтерінде күштеп ұстап отырғанын айтқан. Полицей оқиғаның мән-жайын анықтамақ болып, сол жерге барған. Қыздың сөзіне қарағанда, әрі қарай ер адамдар арасында келіспеушілік туындаған. Нұрсұлтан Малдыбаев учаскелік полицейдің мойын тұсына пышақ жарақатын салып, қашып кеткен. Полицей оның артынан қуып, ұстамақ болғанымен, 400 метр жерден кейін есінен танып, құлаған», - деді Е. Болтаев.
«Көршілер жедел-жәрдем шақырған. Полиция офицері есін жимастан ауруханаға барар жолда қанның көп кетуінен жан тапсырды».
Анықталғандай, Н. Малдыбаев алдап-арбау арқылы «Ақбұлақ» шағынауданында ағасымен бірге тұратын қыздың үйіне кірген. Ол өзін бойжеткеннің ағасының досы ретінде таныстырып, ішуге су сураған. Кейін Н. Малдыбаев қызды зорлап, күштеп «Ұлжан» шағынауданына алып кеткен. Бойжеткен таңертең қаскүнемнің ұйықтап қалғанын пайдаланып, марқұм болған ағасы Ерлан Бопырбаевқа қоңырау шалған.
Баспасөз хатшысы мәл3м еткендей, жедел-іздестіру шарасының барысында бір жарым сағаттан кейін патрульдік полиция полк3нің полицейлері 28 жастағы күдікті Нұрсұлтан Малдыбаевты ұстады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.