Алдын ала болжам бойынша, Сейфуллин көшесінде тұраққа қойылған жанармай таситын көлік жарылған. Тәртіп сақшылары көшелерді төрт жақтан қоршады. Тілсіз жауды ауыздықтауға 3 өрт сөндіру көлігі тартылған. Жұртты тұрғын үйлердің маңына жолатпауда.
Апат маңында қаңтарылған көліктердің тағы екі жарылысы орын алып, әзірге өртті ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Зардап шеккендер мен адам шығыны туралы еш мәлімет жоқ. Жақын маңдағы № 149 балабақшадағы балалар «Динамо» стадионының аумағына шығарылды.