ШҰҒЫЛ: Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты (ФОТО)

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Райымбек пен Сүйінбай көшелерінің қиылысында қызыл БМВ көлігі аса жоғары жылдамдықпен келіп, бағанға соғылған. Апат салдарынан бір адам оқиға орнында қаза болды.

Ал өте ауыр жағдайдадағы екінші жігітті жедел жәрдем алып кетті.

Оқиғаны көзімен көрген куәгерлердің айтуынша, қызыл БМВ Сүйінбай көшесімен 100-150 шақырым жылдамдықпен келе жатып, жолындағы бірнеше көлікті, 2 автобусты басып озған.

Райымбек көшесінің қиылысына тақалған кезде көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай бағанға кеп соғылған. Көліктің алдыңғы бөлігі қатты мыжылғаны сонша, ішіндегі адамдардың қайсысы жолаушы, қайсысы жүргізуші екендігі белгісіз. Олар өз орындарынан ұшып кеткен. Екеуінің де жасы 20-25 шамалас.

Оқиға салдарынан электр желілері үзіліп кеткен.

Қазір оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар