28 қарашада, Алматы уақыты бойынша сағат 11:30-да жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 163 шақырым жерде орналасты. Магнитудасы 5,3 балды құрады.
Алматыда MSK-64 шкаласы бойынша 3 балдық жер сілкінуі сезілді.
Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер келіп түскен жоқ.