ШҰҒЫЛ: «Арқанкерген» заставасындағы үш шекарашының мүрдесін тану жұмыстарына шетелдік сарапшылар тартылуы мүмкін - Бас әскери прокурор

АСТАНА.  13 маусым. ҚазАқпарат -  «Арқанкерген» заставасындағы үш шекарашының мүрдесін тану жұмыстарына шетелдік сарапшылар тартылуы мүмкін.

 Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадинов мәлім етті.

«Геномдық сараптамамен 11 әскери қызметкердің аты-жөні белгілі болды. Қалған үшеуінің мүрдесін тану жұмыстары жалғасуда және бұл жұмыстарға шетелдік сарапшылар да тартылуы мүмкін», - деді ол.