ШҰҒЫЛ: Әскери ұшақ Каспийге құлады

БАКУ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Бакудің сырт аумағында, Сальян тас жолының ауданында «Ми-8» әскери ұшағы Каспий теңізіне құлады.

Ұшақтың апатқа ұшырағаны жөнінде Бакудң Гарадаг ауданының полиция басқармасы қуаттады. Оқиғаның анық-қанығы хабарланбай отыр.

Алдын ала деректер бойынша, ұшақ теңізге құлап кетті. Зардап шеккендер жайлы әзірге ақпарат жоқ.

Апат құлаған жерде ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеуде.