Ол бағдарламаны жасаған ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі екенін түсіндірді және ол жүзеге асырудың екі бағытын қарастырады.
Оның біріншісі бойынша құрылыс және тұрғын үйлерді беру тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыттың ауқымында жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына қаржы бөлінеді, салынған тұрғын үйд беруді «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» (ТҮҚЖБ) АҚ жүзеге асырылады. Яғни, бұл бағыттың ауқымында тұрғын үй алу үшін ТҮҚЖБ клиенті болу қажет. Тұрғын үй құрылысы жобасы банкпен келісіледі, өйткені салынған үйлерге белгілі бір талаптар көзделген.
Екінші бағыт бойынша үй салушыларды екінші деңгейдегі банктер несиелендіруді жүзеге асырады, мұнда қаржыландырудың 50 пайызы екінші деңгейлі банктердің өз қаражаты есебінен, екінші бөлігі екінші деңгейлі банктерге 3 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға депозит түрінде орналастырылған банк қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Құрылыс салушылар үшін пайыздық мөлшерлеме жылына 12 пайыздан аспауы тиіс. Осының есебінен тұрғын үйдің түпкілікті құны төмендетіледі, әрбір құрылыс салушы тұрғын үйді шаршы метрі үшін 170 мың теңгеден жоғары емес бағаға салуға және беруге міндеттенеді.
Бұл бағдарлама тұрғын үйге мұқтаж адамдардың бәріне есептелген деп атап көрсетті әкім. Бүгінгі күні 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы ауқымында мына жобалар жасалған:
1. Лот 1 - «Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшесі аралығындағы Айнакөл көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үй кешені» - бас жобалаушы «Астанатехстройэксперт» ЖШС;
2. Лот 2 - «Сауран және Сығанақ көшелерінің қиылысы ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй кешені» - бас жобалаушы «KazArtDesign» ЖШС;
3. Лот 3 - Ғ.Мүсірепов көшесі, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен Мұстафин көшесі орамындағы көппәтерлі тұрғын үй кешені» - бас жобалаушы «KazArtDesign» ЖШС;
4. Лот 4 - «Сауран және №24 көшелердің қиылысы ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй кешені
5. Лот 5 - «Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысы ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй кешені» - бас жобалаушы «KazArtDesign» ЖШС.
Тұрғын үй кешендерінің шамамен жоспарланған ауданы 79 438 шаршы метр, пәтерлер саны - 1 425.
Жоғарыда көрсетілген бағдарламаға сәйкес Астана қаласының құрылыс басқармасы 2011 жылғы шілдеде мына тұрғын үй кешендерінің құрылысын бастады:
- көппәтерлі тұрғын үй паркингісімен. Есілдің оң жағалауы. 12, 28, 38 көшелер - жалпы ауданы 17,51 мың шаршы метрді құрайтын 420 пәтер, пайдалануға беру мерзімі - 2012 жылдың қыркүйек айы;
- «Кампус» көппәтерлі тұрғын үй кешені, қосымша бөлмелері мен гараждары бар (З және Г блоктары) - жалпы ауданы 12,41 мың шаршы метрлік 208 пәтер, пайдалануға беру мерзімі - 2012 жылғы қыркүйек.
Негізгі талап - бұл бағдараманың қатысушысы «Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ клиенті болуы тиіс.
Қала басшысы клиенттерге талаптар «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР Заңына сәйкес, сондай-ақ ТҮҚЖБ ішкі нормативтік құжаттары мен займ алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартта көрсетілген шарттармен белгіленгендігін атап өтті. Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар өздерінің төлемге қабілеттілігін қуаттауы, сондай-ақ банктің ішкі құжаттары белгілеген талаптарға сәйкес кепілдік қамтамасыз ету ұсынуы тиіс.