Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Дабыл бойынша желілік полиция бөлімінің жеке құрамы көтерілді, оқиға орнына Астана қаласы бойынша көліктегі ішкі істер департаментінің, ҰҚК мен ТЖ департаменттерінің, прокуратура және жедел-жәрдем қызметкерлері шықты.
Полиция қызметкерлері 88 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесін қауіпсіз аумаққа шығарды, одан кейін әуе кемесі жолаушылар терминалынан қауіпсіз жерге жеткізілді. «Арлан» арнайы бөлімшесінің саперлары ұшақтың бортын және жолаушылардың жүктерін тексерді. Жарылғыш зат табылмады.
Жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында көліктегі полиция қызметкерлері жарылғыш зат туралы өзінің ұялы телефонынан хабарлаған 42 жастағы астаналық тұрғынды ұстады. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.
ҚР ҚК-нің 242-бабы бойынша (лаңкестік актісі жөнінде жалған ақпарат тарату) қылмыстық іс қозғалды.