«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарланғандай, бүгін сағат 13.10-да Астана - Қарағанды учаскесінің Қарағанды жақ бөлігіндегі Ақтасты-Шоқай өткелінде №1626 жүк пойызы қозғалысының 635 шақырымында жүк тиелген 11 вагон жолдан шығып кетті. Екі жол бойынша да қозғалыс жабылды. Апат орын алған жерде 2 қалпына келтіру пойызы жұмыс істеуде. Мән-жайды анықтау үшін арнайы құрылған комиссия оқиға орнына аттанды.
Астана теміржол вокзалының қызметкері мәлім еткендей, пойыздар шамамен 5 сағатқа кешігеді. Кешігушілердің ішінде Алматы, Қарағанды, Бішкек, Сарыағаш және тағы да басқа бағыттардан пойыздар бар. Толық ақпаратты Астана теміржол вокзалының анықтамалық қызметінен алуға болады.