Бүгін таңертеңгі сағат 06:10-да Астана қаласының «Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында жекеменшік тұрғын үйдің аумағында орналасқан уақытша баспана өртенді. Жалын тілі 80 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде 27 жастағы әйел мен 2008 жылғы баланың мүрделері табылды.
Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өртке қарсы қызметінің 21 адамы мен 5 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.