"Алдағы күндері Астана қаласы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. 13 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынсыз. 14,15 желтоқсанда қар жауады, бұрқасынмен бірге желдің күшеюі байқалады. Ауа температурасы бұл күндері түнгі сағаттарда -12-13 градус аязды көрсетеді, күндіз -1-3 градус аязды көрсетеді. Ал 15, 16 желтоқсанда ауа температурасының күрт төмендеуін байқаймыз. Түнгі сағаттарда Астана қаласы бойынша температура -15-20 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз -8, -10 градус аяз болады", - деп мәлімдеді Астана қаласы «Қазгидромет» РМҚ инженері Мөлдір Есқалиева.
«Қазгидромет» орталығының болжамына сәйкес желтоқсан айының 13-17 аралығында қатты боран тұрады. Сондықтан мамандар алыс жолға шығарда сақ болуға кеңес береді.