"Фольксваген Гольф" және "Хонда Цивик" маркалы екі көлік өртке оранды. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндіру қызметінің оншақты қызметкері мен 2 техникасы тартылды. Оқиға орны қалалық ішкі істер органдарымен оқшауланған. Өрттің шығу себептері белгісіз. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт көліктердің бірінің электр сымдарының тұйықталуынан тұтанып, жанында тұрған екінші көлікке тараған.
17:30, 18 Қаңтар 2012
ШҰҒЫЛ: Астанада қала әкімдігінің ғимараты жанында екі көлік өртеніп кетті
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Астана орталығында орналасқан қалалық әкімдік ғимараты жанында екі жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі оқиға орнынан.