ШҰҒЫЛ: Астанада қалааралық автобус апатқа ұшырап, орталық көшелердің бірін жауып тастады (ФОТО)

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Астанада республика және Бараев көшелерінің қиылысындағы жолайрықта қалааралық бағытта қатынайтын жолаушыар автобусы жолақты бөліп тұрған бағанаға соғылып, көпірдің астындағы көлік қозғалысын шектеп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кезінде автобустың ішінде бірде-бір жолаушы болмаған. Апат салдарынан Тәшенов көшесінен Республика даңғылына бағыт алған көліктер көлденең тұрған автобустан өте алмай, кептетіліп қалған. Қалалық ТЖБ-ның арнайы көлігі көпір қабырғасына жаншылып қалған автобусты алып шықты.

"Мен автобусты жол жиегіне қойып, өзім Түркия Елшілгіне кетіп қалған болатынмын. Көлікке белгісіздер еніп кетсе керек, тежегіштен алып тастапты. Соның кесірінен автобус артқа қарай жүріп кеткен", - дейді автобус жүргізушісі тілшіге берген сұхбатында.